Қостанай жоғары политехникалық колледжіне Caspian Academy директорының ресми сапары

2018 жылдың 15 қарашасында Қостанай жоғары политехникалық колледжіне Caspian Academy директоры Кямран Алиев келді. Алиев мырза колледждің студенттерімен кездесіп, Анталияда халықаралық тағылымдамадан өтудің тұсаукесерін ұсынды, тағылымдамадан өтушілер алдынан ашылатын жаңа мүмкіндіктері мен келешегі жайлы баяндады. Бағдарлама шет тілдерін меңгеру үшін төленетін тағылымдамадан өтуді көздейді, демек өзге елде болып, жаңа мәдениетпен танысуға мүмкіндік бар. Студенттеріміздің көбісі қызығушылық танытты және алдағы жылы осы бағдарламаға қатысуға ниет білдірді.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
132 queries