Мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру және кәсіптік даярлық негіздерінің бағдарламасы

2018 жылдың 27 қараша күні Электр техникалық пәндерінің ЦӘК апталығы аясында қала мектептерінің оқушылары арасында «Электромонтаждау жұмыстары» құзыреті бойынша «Junior Skills Kostanay -2018»  байқауы өтті.

WorldSkills  – шеберлік дағдыларын дамыту және жұмыс кәсіптерінің мәртебесін арттыру мақсатын ұстанатын халықаралық коммерциялық емес қозғалысы.  

«Junior Skills» – бұл болашақ кәсіпқойларды оқытумен байланысты үздік жаңашыл шешімі болып табылатын мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру және негізгі кәсіптік даярлық бағдарламасы.

«Электромонтаждау жұмыстары» құзыреті бойынша байқауға С.Мәуленов атындағы, М.Горький атындағы гимназияларының, №18 мектеп-гимназияның, Қостанай қаласы №17 және №5 мектептерінің оқушылары қатысты.

Байқауға қатысушыларының жұмыстарын тәуелсіз сарапшылар бағалады:

1.Людмила Руслановна Кутовая – Рудный тау-кен – технологиялық колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы;  

1.Оксана Ивановна Шрайбер – Қостанай жоғары политехникалық колледжінің электр техникалық пәндерінің циклдық комиссия төрайымы;

3.Бибігүл Кавасқызы Сүюндікова – Қостанай жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы;  

3.Арман  Наусымбайұлы Акушкаров  – Қостанай жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы.  

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар, алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries