Бағдарламамен қамтамасыздандыруды құрастыру практикасы бойынша ашық сабақтың қорытындысы.

Қарашаның 20  күнінде ТП-14 тобында  Бағдарламамен қамтамасыздандыруды құрастыру практикасы бойынша ашық сабақ болды.  Ашық сабақтың «UML пакеттерін пайдаланып модельдеу» тақырыбы өтті.  Бұл сабақта студенттер бір-бірін оқытып, топпен моделдеу жұмысын атқарды. Мұнда теориялық білім практикамен ұштастырылды. 

Сабақтың білім мен дағдыларды жетілдіру түрін таңдап алу барысында сабақтың құрылымы сабақтың мақсатына және типіне сәйкес болып келеді. Оқу кабинетіндегі құралдар сабақта тиімді пайдаланылды және сабақта алған білімдері болашақ мамандықтарымен, тәжірибемен байланыстырылды.

Студенттер сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Студенттер оқытушыны, бір-бірлерін тиянақты тыңдап,  материалдарды өз беттерінше топта жұмыс істеу барысында дұрыс қолдана білді. Сабақ тақырыбы бойынша студенттер өздігінен білім алуға жағдайлар туғызды, яғни балалар туындаған проблемалық сұрақтарды, алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып, жұмыс жасады.

Студенттер шығармашылықпен, өз беттерімен жұмыс атқара отырып, сабақта тиісті дәрежеде білімдерін көрсетті.

Ашық сабақтың қорытындысы ретінде студенттер жобаларын қорғады. 

Авторы Журсиналина Г.С.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
146 queries