Мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатындағы кездесу

Қостанай қаласы № 15 орта мектебінің акт залында 9 және 10 сынып оқушылары Қостанай жоғары политехникалық колледжінде қандай мамандықтар бойынша білім алатыны жайлы білу үшін жиналды. Оқушыларды бюджеттік негізінде оқуға түсу жайлы, талапкерлер үшін қандай жеңілдіктер бар екені және колледж дипломын алғаннан соң жұмыспен қамту кепілі жайлы мәселелер қызықтырды. Технологиялық пәндерінің оқытушылары Жұлдызай Балгужинова және Ботагөз Аманжол оқушылардың барлық сауалдарына жауап берді, мамандықтар бойынша жарнама буклеттерін таратты. Оқытушылардың кәсіби кеңестері оқушыларға кәсіп таңдауда көп септігін тигізді. Оқушылар интернет ресурстарының арқасында студенттік өмірі жайлы, оқу орнымызда өткізілетін іс-шаралар жайлы ақпараттың барлығын біледі, сондықтан оқушылардың көбісі Қостанай жоғары политехникалық колледжінде білім алуды жалғастыруына ниет білдірді.

А.С.Сегізбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries