Киелі нысандар – рухани құндылығымыз

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын.

Осы мақсатта 25.10.2018 жылы Қостанай облысындағы киелі нысандармен танысу үшін «Атамекен» үйірмесінің мүшелері қаламыздағы Марал ишан атындағы Ақмешітіне барды.

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда үйірме мүшелері Ы.Алтынсарин атындағы облыстық мемориалды мұражайды аралап, ағартушы – ұстаздың өмір жолымен, еңбектерімен танысып, ерекше әсер алды.
        Сонымен қатар, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы рухани жаңғыру залында орналасқан Қостанай облысы бойынша басты киелі нысандар туралы толық мағлұмат алды.

Қасиетті, киелі жерді аралаудың маңызды мәні – туған өлкеңді тану, тү­сіну, бағалау, оған деген махаббат пен сү­йіс­­пеншілікті тереңдету сынды отан­шыл­­дық сезімнің оянуын меңзеп, мә­ңгілік мекен идеясын ұрпаққа сіңіру­ге қызмет ету. Мәдениетімізді жаңғыртып, ұмыт бола бастаған құндылықтарымызды әспеттеуге ұмтылсақ, бұл бізге, болашақ ұрпаққа тек қана жетістік береді. 

 

 

Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы  Д.К. Ахметжанова

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
131 queries