Кәсіптік бағдар беруде өзара серіктестік жасау

Сұранысқа ие кәсіпті меңгеру үшін беделді білім алуды қамтамасыз ететін білім қоры бай болу қажет. Елбасының 2018 жылғы 05 қазандағы Жолдауында қойылған міндеттерінің бірі етіп оқу мекемелерінде даярлық сапасына деген талабын арттыруды белгіледі. «Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды». Қостанай жоғары политехникалық колледжі өңіріміздің мектеп оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру іс-шараларын өткізе отырып серіктестік жасайды. Жоғары колледжге конкурстық негізінде бюджеттік оқыту формасына түскендер бойынша өткізілген талдау нәтижесінде үздіктер белгіленді. Жоғары колледжге оқуға түсу кезінде түлектері жоғары нәтижеге қол жеткізген қала мектептерінің қатарына № 3 мектеп гимназиясы, №4 ОМ, Б.Момышұлы атындағы № 5 ОМ,  Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ОМ, №11 ОМ, №16 ОМ, №18 мектеп гимназиясы, №22 ОМ, М.Қозыбаев атындағы №23 ОМ жатады. Жоғары колледждің әкімшілігі түлектерді сапалы дайындағаны үшін аталған мектептерді алғыс хаттармен атап өту шешімін қабылдады. Осы мектептердің түлектері, ал бүгінде біздің студенттеріміз болашақта сұранысқа ие мамандықты меңгере отырып, әл-ауқаттылық пен өмір сапасын арттыруды қамтамасыз ететініне сенеміз!        

А.Сегізбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
140 queries