«Бұл-біздің ту! Бұл- біздің елтаңба! Бұл- біздің әнұранымыз!»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – бұл тәуелсіздіктің және дербестіктің, халық бірлігі мен мемлекеттік биліктің өзіндік ерекшілігі.

ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, азаматтық қоғамын нығайту, патриотизмді тәрбиелеу, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту мақсатымен 4 маусым күні ҚР Мемлекеттік рәміздер күнінен арналған салтанатты саптүзер болып өтті.

Саптүзер барысында мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихы, олардың Қазақстан Республикасының өміріндегі қызметтік мәні мен мағыналық жағынан мәселелер айтылды. Құттықтау сөзінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А.Б.Татьянова: «Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттің баянды негіздерінің бірі – жаңа мемлекеттік рәміздерінің туған күні ретінде қалады. Еліміздің рәміздерін құрметтеу – әр адамның азаматтық борышы» – деп атап өтті.

Оқудағы, спорттағы, ғылымдағы жетістіктері үшін белсенді студенттер құрмет грамоталарымен марапатталды. «Ең үздік топ-2018» байқауының қорытындылары бойынша «1 курстың ең үздік тобы» номинациясында ТЗ-21 тобы, «2 курстың ең үздік тобы» – ХП-9, «3 курстың ең үздік тобы» – ТЗ-16 тобы марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

 

Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
155 queries