«Саптүзер мен өлеңдер байқауы»

2018 жылдың 3 мамыр күні Қостанай жоғары политехникалық  колледжінде бірінші курс студенттері арасында саптүзер мен өлеңдер байқауы болып өтті.

Аталған іс-шара ҚРҚК құрылуының 26 жылдығына және ҰОС Жеңісінің 73 жылдығына арналған.

Іс-шараға 1 курс 14 тобының студенттері қатысты. Іс-шараға Қостанай қ. қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскериден тыс дайындық бөлімінің бастығы сержант Алмат Боранбаевич Бигайдаров, ауған соғысының ардагері подполковник Анатолий Николаевич Харченко шақырылды. Олар студенттер алдында сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды  Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады.

14 взводтың әр қайсысының нөмірлерін бағалауына төмендегілер енді:

  • салтанатты маршпен өту;
  • салтанатты өлеңмен өту;
  • сыртқы киімді бағалау;
  • ең үздік взвод командирі.

Саптүзер мен өлеңдер байқауының қорытындылары бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

3 орынды ТЗ-21 тобы алды,  2-ші орынды – М-5 тобы және жүлделі 1-ші орынды ХП-11 тобы иеленді, ең үздік саптық өлең номинациясын ХП-12 тобы иеленді, ең үздік салтанатты маршпен өту номинациясын ЭС-9 тобы алды және ең үздік командир номинациясында ХП-11 тобының студенті Дарина Жалмагамбетова ерекшеленді.

Студенттер үздік саптық әдебін, құрылымдық бөлімшелердің тәртіптілігін, үлгі боларлық сыртқы келбеттерін көрсете білді. Өз марштарының, саптүзер мен өлеңдер сапасымен өз өмірін  Жердегі  бейбітшілік пен бақыт үшін қиғандарды еске алу құрметін білдірді. 

Мақаланы дайындаған: Фатхудинов Р.Р., Нурканов М.К.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries