«Жастар ортасында АИВ-инфекциясын алдын алу» семинар-тренингі

2018 жылдың 27 наурыз күні колледжде «ЖИТС алдын алу және қарсы күрес бойынша Қостанай облыстық орталығы» КМҚК мамандарымен бірлесе бірінші курс студенттері үшін «Жастар ортасында АИВ-инфекциясын алдын алу» атты тақырыбында семинар-тренингі болып өтті.

Семинар-тренингтің мақсаты білім алушылардың АИВ-инфекция мен өкпе ауруларын алдын алу мәселелері бойынша ақпарат беру және білім беру деңгейін арттыру, АИФ-инфекцияланған және ЖИТС науқастарына деген адамгершілік қарым-қатынасын қалыптастыру, өз денсаулығын сақтауға көмек беретін ақпаратты болашақта өз бетімен іздеуге ынталандыру болып табылады.

Іс-шара барысында ЖИТС алдын алу және қарсы күрес бойынша орталығының маманы А.С.Карасатова АИВ-инфекциясын алдын алу тәсілдер мен оның берілу жолдары жайлы, адамның ағзасындағы қауіпті және қауіпсіз биологиялық сұйықтықтары туралы әңгімелеп берді, сондай-ақ  студенттерді АИВ алдын алу бойынша интерактивтік жұмыс түрлерімен таныстырды. Қатысушыларға «Дұрыс шешімдер – АИВ жайлы білу» атты бейнеролигі көрсетілді.

Семинар-тренингтің аяқталуымен «Тәуекел дәрежесі» және «Ми шабуылы» секілді жаттығулар өткізілді, ақпараттық және жарнамалық материалдар таратылды.

Ақпаратты педагог-психолог Р.А.Сатыбалдина дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries