«Ғылым және техника» облыстық роботехника және автоматтау фестивалінің жеңімпаздары

11, 12 сәуір күні – екі күн бойы КИнЭУ-де роботтар жарысты, ал адамдар ғылыми жобалар әзірлеу кезінде жасаған өз үлгілері мен макеттерін көрсетті. «Ғылым және техника» үшінші облыстық роботехника және автоматтау фестивалінде Қостанай облысының 120-ден астам оқушылары мен студенттері қатысты.

Фестиваль «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында дарынды жастарды анықтау және оларға инновациялық технологиялар, робототехника, механика, бағдарламалау саласында құрылымдық міндеттерін шешуге қолдау көрсету мақсатымен өткізілді.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері ғылыми-зерттеу жобаларының байқауында жақсы нәтиже көрсете алды.

Жеңімпаз атанған жастар:

  • 1 орын – «Ақылды жылыжай» жобасымен Никита Пышненко, Ернур Бейсембаев;
  • 2 – орын «Arduino» негізінде «Сопер» Роботы» жобасымен Гаухар Капарова және Яков Петрушков;

Қатысушылар «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» және ҚИнЭУ-дің грамоталары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Ақпаратты арнайы пәндерінің оқытушылары Г.С.Журсиналина Д.Б.Кусаинова дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
139 queries