WorldSkills Kostanay 2018 өңірлік чемпионаты

2018 жылдың 28 наурыздан 6 сәуір аралығында жұмыс кәсіптерінің мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту мақсатымен WorldSkills Kostanay 2018 өңірлік чемпионаты өтті. WorldSkills әлемде кәсіптік білім беру өсіміне тікелей әсер етеді.

Өңірлік чемпионат 16 құзырет бойынша өтті. Қостанай жоғары политехникалық колледжі өңірлік чемпионатының төменде аталған 6 алаңын өткізу үшін базасы болды: Графикалық дизайн, Веб-дизайн және әзірлеу, Электромонтаждау, Нан пісіру шеберлігі, Кондитерлік ісі, Астықты және оны өндеуден кейінгі өнімдерінің сапасын бағалау.

WorldSkills Kazakhstan жаңа құзыреттерді енгізуді мадақтайды, еліміздің экономикалық табысы мен бәсекеге қабілеттілігі үшін қажетті тиісті түрде заманауи дағдыларды білдіретін құзыреттер бойынша жарыстардың диапазонын кеңейтуге ұмтылады. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің бастамасы бойынша WSK Бас Ассамблеясының отырысында «Астықты және оны өндеуден кейінгі өнімдерінің сапасын бағалау» презентациялық құзыреті ретінде енгізілді.

43 қатысушы және 70-тен астам сарапшылар шындыққа барынша жақын міндеттерді шеше отырып, өз техникалық қабілеттерін, жеке және ұжымдық қасиеттерін көрсетті.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің командасы Өңірлік чемпионатында тамаша нәтиже көрсетті:

Алтын медаль

1 құзырет «Графикалық дизайн» – Анастасия Ососкова;

2 құзырет «Веб-дизайн және әзірлеу» – Никита Минеев;

3 құзырет «Электромонтаждау» – Расул Рамазанов;

4 құзырет «Кондитерлік ісі» – Татьяна Прусакова;

5 құзырет «Астықты және оны өндеуден кейінгі өнімдерінің сапасын бағалау» – Гульзайра Еришева.

Күміс медалі

1 құзырет «Нан пісіру шеберлігі» – Евгения Дейна;

2 құзырет «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» – Тасболат Тулегенов, Диас Токушев;

Қола медалі

1 құзырет «Астықты және оны өндеуден кейінгі өнімдерінің сапасын бағалау» – Айша Сарсенбаева.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің жалпы медаль есебінде 9 медаль.

Команданың нәтижесі тек қатысушының жеке кәсіптік қасиеттері туралы ғана, сондай-ақ мамандардың кәсіптік дайындық деңгейі туралы, оқу орынның жоғары білікті педагогикалық құрамы туралы айтады.

Алдағы 2 айда жоғары колледждің алдында WorldSkills Kazakhstan 2018 ұлттық чемпионатына қатысу үшін алтын медаль жүлдегерлерін дайындау мақсаты тұр. Жастарымызға сәттілік, ұлттық чемпионатта Қостанай өңірін жоғары беделмен көрсетуге тілектеспіз!

Ақпаратты директордың АТ жөніндегі орынбасары И.С.Храмей дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
132 queries