Туған күніңмен, колледж!

11 сәуір күні колледждің туған күніне арналған кураторлық сағаты болып өтті.

Іс-шара мақсаты: студенттерге рухани-адамгершілік құндылықтарын дәріптеу, моральды-әдептілік қасиеттерін, өз мамандығына және туған қалаға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін дамыту, аға ұрпаққа деген ізгі құрметін тәрбиелеу және заманауи нарық экономикасының жағдайында ұрпақтардың сабақтастығына себеп болу.

Кураторлық сағатты өткізу барысында колледждің тарихы жайлы бейнероликтер көрсетілді, колледж оқытушыларымен сұхбат және «Колледжім-мақтанышым» атты викторина жүргізілді.  Кураторлық сағат құттықтау сөзімен және колледждің әнұранымен басталды. Іс-шараға түлектер, педагогтар, студенттер, көптеген қонақтар – өз еңбек жолын осы кәсіптік оқу орнының қабырғасынан бастағандардың барлығы қатысты.

Барлық түлектеріміз бен студенттерімізді және қызметкерлерімізді атаулы күнмен құттықтаймыз! Болашақта табыс, өркендеуді және жақсы көктемгі көңіл-күй тілейміз! Қостанай жоғары политехникалық колледжі – бұл білім саласында 47 жыл жетістігі!

Мақаланы дайындаған оқытушылар Мукат А.К. және Муслимова Ж.М.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
133 queries