Табысты болғың келсе, политехке түс!

Мектеп оқушыларымен кездесуде жоғары колледждің оқытушылары маңсабын дамытуға және болашақта табыс деңгейіне әсер ететін кәсіптердің келешегіне және нарық ерекшелігіне сүйене отырып, кәсіптік бағдар бойынша жұмысын жүзеге асырады. №1 Затобол ОМ және №2 Затобол ОМ 9 және 11 сынып түлектерімен сұхбат құра отырып, оқытушылар Асель Сейткалиева және Индира Баязитова Қостанай жоғары политехникалық колледжіндегі кәсіптер жайлы әңгімелеп берді. Колледжімізде білім алумен қатар, студенттер барлық бағыттарда дамиды, серіктестік қарым-қатынастары жасалған шетел оқу орындарының орталықтарына тәлімдемеге шыға алады. Оқу және қызықты студенттік өмірі барысында біз студенттерімізге жасырын мүмкіндіктері мен таланттапын ашуға көмек береміз.

Құрметті талапкерлер, жоғары колледжімізді таңдай отырып, сіздер өз қабілеттеріңізді толық аша аласыздар, сондай-ақ таңдаған мамандық бойынша, колледждің зертханаларында да, әлеуметтік серіктестіктерінің өндірістерінде де өз күштеріңізді сынау мүмкіндігін аласыз. Қостанай жоғары политехникалық колледжі таңдау шешімі – бұл өмір жолыңыздың жартылай сәттілігі!

Ақпаратты А.Сегизбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
143 queries