«Әскери кроссы бойынша турнир»

2018 жылдың 26 сәуір күні Қостанай облысы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен «Әскери-спорттық клубының федерациясы» ҚБ ҚОФ 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73 жылдығына арналған Қостанай облысының әскерге дейінгі жастар және әскери-патриоттық клубтары арасында «Жеңіс мұрагерлері» атты әскери кроссы бойынша ашық турнирын өткізді.

Аталған іс-шараға 23 әскери-патриоттық клубы, соның ішінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінің «Жас-Ұлан» ӘПК студенттері де қатысты. Бұл М-1, ТП-15, ТЗ-21, ЭС-9, ТП-19 топтарының студенттері.

Іс-шара мақсаты: қазақстандық ұлтжандылықты тәрбиелеу, ҚР ҚК қызметіне ер балаларды дайындау, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, Қостанай облысының әскери-патриоттық клубтарының жұмысын қарау, ҚР Чемпионатына әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша дайындау.

Жастар 2000 метр қашықтықтағы кросста, пневматикалық винтовкадан ату, сондай-ақ граната лақтырудан жарысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша «Жас-Ұлан» ӘПК құрама командасы 18 жас және одан да жасы үлкен жас ерекшелік санатында 3 орын алып, грамоталармен және медальдармен марапатталды.

 

Мақаланы АӘД оқытушылары дайындады: Фатхудинов Р.Р., Нурканов М.К.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries