«Шын немесе жалған достық» кураторлық сағаты

2018 жылдың 4 сәуір күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде ТЗ-20, ТП-17, ЭС-9, Э-9 топтарында «Шын немесе жалған достық» атты тақырыбында кураторлық сағаты өтті.

Іс-шара мақсаты «достық» атты түсінігін тұлғааралық қарым-қатынастардың формасы секілді ашу, өмірдегі достықтың рөлін талқылау, достықты сақтауға көмектесетін ережелерін әзірлеу, шығармашылық және пікірталастық дағдыларын дамыту болды.

Кураторлық сағат достық туралы, достар мен топтастардың арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелесулерінен басталды. Шын дос қандай болу керектігі жайлы айтылды және достық ережелерін қалыптастырды.

«Мақта» атты жаттығу барысында білім алушыларға формалды емес бірлестіктердің әрекетін неге негізделетіні көрсетілді.

Кураторлық сағат барысында достық, мейірімділік туралы бейнеролик көрсетілді.

Жастар өз топтастарына бірқалыпты емес жағдайларда қалай әрекет етуге кеңес берді. Олар өз пікірін білдірді, өмірден мысалдар алды.

«Кеме апаты» қызықты жаттығуы жастардың бір-біріне қиын сәттерде көмек беруге асығатынын көрсете алды.

Іс-шара топтағы білім алушылар арасында мейірімді өзара қарым-қатынастарын қалыптастыруға, топтық ұжымның бірігуіне себеп болды.

Соңында колледжіміз-бұл отбасы екені айтылды. Біздің отбасымызда тек қана мейірімділік, құрмет, сүйіспеншілік пен өзара түсінушілік болғанын қалаймыз.

Ақпаратты арнайы пәндерінің оқытушысы Ю.В.Матвиенко дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
131 queries