Семинар-практикум

2018 жылдың 24 сәуір күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің АӘД оқытушылары Р.Р. Фатхудинов, М.К.Нурканов Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қосымша білім беруді дамытудың өңірлік орталығы» КММ негізінде өткен семинар-практикумға қатысты.

Аталған семинардың тақырыбы – «Жалпы білім беретін мекемелерде әскери-патриоттық клубтарының жұмысын ұйымдастыру азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі».

Семинарға әскери-патриоттық клубтары мен үйірмелерінің жетекшілері, АӘД оқытушылары, осы бағытты жетекшілік ететін білім бөлімінің әдіскерлері шақырылды.

Семинар басында құттықтау сөзімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қосымша білім беруді дамытудың өңірлік орталығы» КММ директоры Г.А.Сапанова сөйледі.

Содан кейін Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскериден тыс дайындық бөлімінің бастығы О.К.Имашев жалғастырды;

Н.С.Усенов, Рудный қаласы білім бөлімінің әдіскері, «Арлан» ӘПК жетекшісі;

У.Г.Бадыров, қосымша білім беру педагогы, «Жауынгер» әскери-патриоттық клубының жетекшісі;

А.М. Лукьянов, қосымша білім беру педагогы, «Әскер» әскери-патриоттық клубының жетекшісі;

Е.Т.Сарин, алғашқы әскери дайындығының ұйымдастырушы оқытушысы, «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Восточненский орта жалпы білім беретін мектебі» ММ «Патриот» ӘПК жетекшісі;

А.Н.Адров, «Қостанай жоғары экономикалық колледжінің» «Сармат» ӘПК жетекшісі.

Семинардың соңында қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды. 

Мақаланы дайындаған: Р.Р.Фатхудинов , М.К.Нурканов

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries