Маусымда қар қылауымен

12 сәуір күні Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханысының шығармашылық атмосферадағы жайлы конференц-залында қостанайлық автор, кәсібі бойынша дәрігер Сарсенбай Ниязбаевтың «Маусымдағы қар қылауымен» атты алғашқы жеке өлеңдер жинағының тұсаукесері болып өтті. «Әдеби бұлақтар» әдеби үйірмесінің қатысушылары және оның жетекшісі С.К.Амантаева өлеңдер жинағының тұсаукесеріне қатысты. Егер адам өз іс-әрекетімен ерекше, қайталанбас болса, оны басқалардан айыру жеңілге соғады. Ондай адам жөнінде былай дейді: бұл жарқын даралық. Бұл сөздерді Сарсенбай Ниязбаевқа да жатқызуға болады.

Өз шығармашылығымен ол жақындардың, достардың, таныстары мен белгілі уақыт кезеңінде қасында болған мүлдем бейтаныс адамдардың да жанын жарық етеді. Автордың өз тағдыры, өз өмірлік тәжірибесі бар және ол әлемді түрлі түстерге бояп, түрлі сезіммен көреді.

Тұсаукесер аясында Сарсенбай Ниязбаев өзі жайлы, шығармашылық шабыты өз құшағына алған сәттері мен поэзияға деген жолында бірінші қадамның жасалуы жайлы баяндап берді, содан соң «Маусымдағы қар қылауымен» атты алғашқы жеке өлеңдер жинағынан өлең жолдарын оқып берді.

Ақпаратты филологиялық пәндерінің оқытушысы С.К. Амантаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries