«Колледж тарихынан жанданған беттер» байқауының қорытындылары

19 сәуір күні колледж тарихының мұражайында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 47 жылдығына арналған «Жанданған беттер» атты зерттеу байқауының қорытынды кезеңі болып өтті.

Байқау колледж тарихы бойынша білімдерін кеңейтуге, ғылыми-зерттеу және жобалық қызметінің іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Білім алушылар төмендегі бағыттар бойынша өз зерттеу жобаларын ұсынды:

«Колледж жұлдыздарды жандырады», онда колледж түлектерімен, олардың оқыған сәттері, студенттік өмірден алынған түрлі оқиғалар туралы еске алуларымен танысты;

«Іске шеберлер үйретеді» – онда колледж тарихының мұражайына марапат парақтарының түпнұсқаларын, ескі фотосуреттерін және т.б. сыйлаған еңбек ардагерлер-оқытушыларда қонақта болған сәттері.

Тәжірибелі сарапшылар У.И.Сонарбаева – орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушылары, Ф.Б.Овчинникова – тарих пәнінің оқытушылары, Матвиенко Ю.В.- колледж тарихы мұражайының жетекшісі ұсынылған жұмыстармен мұқият танысып, оларды берілген критериялары бойынша бағалады және финалға қатысушыларын анықтады.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды ТЗ-21 тобының студенті Диана Винтерголлер иеленді,  екінші орынға лайықты болған ЭБ-12 тобының студенті Анель Тулегенова, үшінші орынға  ЭБ-13 тобының студенті Динара Селькова иеленді.

Әрине, жұмыстары ұлы жаңалықтар роліне лайықты болмағанмен, әр жоба жасөспірімнің өзіне зор жаңалық, өзін-өзі тану және жеке тұлғаның қалыптасу жолында маңызды қадамы, тарихты түсіну мен барлық ақиқаттың сарқылмастығы болып саналады.

Мақаланы Ю.В.Матвиенко дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
143 queries