- admin
- 17.04.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
Қазақстан халқының бірлік күнін атап өтуіне орай, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында колледжде ең ұзақ күткен оқиға – «Колледж мистері мен миссі -2018» атты көктем байқауы болып өтті. Байқауға колледжіміздің ең көрікті, сүйкімді және тартымды жұптары қатысты.
Іс-шараның мақсаты студенттер арасында достық қарым-қатынастарды қалыптастыру, адамдарға толеранттылық қарым-қатынасын тәрбиелеу, жастардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау болды.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары колледж студенттерінің бастапқы кәсіподақ ұйымы болды.
«Колледж мистері мен миссі -2018» атағына 6 жұп күресті. Байқау қатысушылары «Мен және менің әлемім: кеше, бүгін, ертең» атты тақырып контексінде қатысушылардың қабілеттерін ашатын өзін-өзі таныстырудан бастады. Сондай-ақ, қатысушылар өз қолдарымен жасаған көйлектерін көрсетті. Іс-шараның ең жарқын сәттерінің бірі қатысушылар алдын ала дайындаған шығармашылық байқауы болды. Байқау қатысушылары көпшілік алдында өзін ұстап, қозғалумен қатар, өз зияткерлік қабілеттерін, стиль мен талғамдарын іскерлікпен көрсете білді.
Іс-шара өте әсерлі, креативті және ұмытылмастай өтті. Студенттер жаңа қызықты нөмірлерімен қуанта алды. Барлық қатысушылар сахнада өнер көрсетті, ал олардың сымбаттылығы мен талғампаздығына көз тоймайды, алайда бұл жарыс болғандықтан, әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, номинациялар бойынша бөлді.
Байқау қорытындылары бойынша колледждің вице-мистер-мисс атағына Никита Горбачев мен Яна Вольф иеленсе, ал колледждің мистер-мисс атағына лайық болған жұп – Ислан Алгожин мен Раушангул Исмагулова.
Қатысушыларымызға жігерлерін жоғалтпай, өмірде туған колледждің подиумында жүргендей басты жоғары көтеріп, сымбатты жүріспен жүруге тілектеспіз!
КЖПК студенттерінің бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы Гаухар Алтаевна Каркинбаева