Кәсіптік бағдар беру фестивалі

Облыстың жоғары оқу орындары арасында Облыстық кәсіптік бағдар беру фестиваліне қатысу үшін шақыруды қабылдай отырып, Қостанай жоғары политехникалық колледжі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау көшбасшылары арасында өз мәртебесін тағы бір мәрте растады.

Алғаш рет аталған форматта облыстық деңгейде кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізу Edukey білім беру орталығымен ұсынылды. Аталмыш фестивальдің мақсаты – талапкерлер арасында белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, оқу орны мен кәсіпті таңдауға көмек беру.

Қостанай облысының 500 жуық түлектері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының базасында ұйымдастырылған іс-шара алаңына қатысты.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің мамандықтар көрмесі тарау түрінде де, стендік формасында да ақпараттық материалдарымен берілді. Мектеп оқушылары арасында белсенді түсіндірме жұмысын келесі студенттеріміз өткізді: Ильмира Сагадиева, Александр Гемпик, Абдула Тулебаев, Жасулан Тулегенов, Аружан Друскельдинова, Жалгас Кужан.

Қызығушылық танытқан талапкерлерге білікті түрде оқытушыларымыз Валентин Нужин және Анара Мухаметкалиева кеңес берді.

Студенттеріміз білім беру орталығының мамандарымен өткізілген шеберлік сағаттарына қатысты.

Ақпаратты А.Сегизбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
136 queries