Қазақстан халықтар бірлігі күніне арналған спорттық жарыс болып өтті

18 сәуір күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің спорт алаңында Қазақстан халықтар бірлігі күніне арналған елімізде бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың ұлттық спорт түрлері бойынша колледж студенттері арасында жарыс болып өтті. Татулық пен бейбітшілікті ту еткен спорттық жарысты Жастар ісі жөніндегі комитетінің және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің бастамасымен өткен болатын. «Арқан тарту» ұлттық спорты бойынша 3-орынды – ТП-21 тобы, 2-орынды – Э-6 тобы, 1-орынды ТП-18 тобы жеңіп алды. «Атшабар» ойынында ТП-17 тобы -3-орынға иеленсе, Э-7 тобы – 2-орынды, ТП-18 тобы – 1-орынды жеңіп алды. «Қырықбуын» ойыны бойынша  ТП-18 тобы – 3-орын, ТП-17 тобы – 2-орын, Э-6 тобы – 1-орынды жеңіп алды. «Асық ату»  ойыны бойынша ТЗ-20 тобы – 3-орын, ХП-13 тобы – 2-орын, Э-6 тобы -1-орынды жеңіп алды.   

Ақпаратты Жастар ісі жөніндегі комитеттін төрағасы Д.Беков

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
130 queries