«Наурыз мейрамы»

2018 жылдың 14 наурыз күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Наурыз мейрамын» атап өтуіне арналған жарыстар ұйымдастырылды.

Жарыс бағдарламасына дартс, армреслинг, гирь спорты және арқан тарту сияқты спорт түрлері енгізілді.

Барлық қатысушылар сергектік қуат алып, жақсы көңіл-күйге бөленді. Дартс ойынына топтан қатысушының жынысына қарамастан екі адамнан қатысты. Нәтижесінде ең жақсы мерген атағына Манарбек Досымов (УЭС-8 тобы) ие болды, содан соң Станислав Дробленов (УЭС-11 тобы) және 3 орынды Касымханов Алишер (УЭС-8 тобы) жеңіп алды.

Гирь спортында өз тобының атын ең мықтылар шығарды. 1 орынды Арсен Саркесян (Э-7 тобы), 2 орынды Данияр Изтулин (УЭС-11 тобы) жеңіп алса, 3 орынға Алишер Казымбек (СТ-3 тобы) иеленді.

Келесі күш санасу спорт түрі – армреслингке ер балалар мен қыздар қатысты.

Жарыс қорытындылары бойынша сенімді жеңіске Э-7 тобының студенті Адиль Уразов жетті, содан соң сол топтың студенті Максат Башеев және жүлдегерлер үштігін Э-8 тобының студенті Рахат Аппазов жапты. Қыздар арасында орындар төмендегідей бөлінді: 1 орынды айтарлықтай басымдылықпен Регина Мацукевич (СТ-3 тобы) жеңіп алса, 2 орын УЭС-8 тобының студенті Дамира Бозщинада қалды және 3 орын СТ-3 тобының студенті Мадина Шартакбаева иеленді.

Арқан тарту ойыны ерекше қызықты болды. Ешқайсысы женісті қолдан бермеді, бар күш-жігерін жұмсаған және ауыр бәсекеде алтынды жеңіп алған топ – ол М-1 тобы, күміс ЭС-7 тобына және қола УЭС-8 тобына берілді.

Барлық қатысушылар көктемгі Наурыз мейрамы қарсанында тамаша көңіл-күйге, сергектікке бөленді.

Мақаланы ЦӘК төрағасы В.В.Щербаков дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
132 queries