Наурыз айы туғанда…

Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Қош келдің,    Наурыз! » атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: студенттердің білімдерін жинақтап, тереңдету. Студенттердің қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын  арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Сайыс колледждің бірінші курс студенттері арасында өткізілді. Ол бес кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әр топ өзідерін таныстырып өтті. Екінші кезеңде студенттер қазақ тілінен қойылған сұрақтарға жауап беріп, жақсы деңгейде  білімдерін көрсете  алды. Мақалдың  жасырын тұрған сөзін аяқтау және жұмбақтарды шешу кезеңі студенттердің сайысқа деген қызығушылықтарын арта түсті.  Сайыс арасында көрермендермен де ойын өткізілді. Сайыстың өту барысын және қорытындысын әділқазылар алқасы қадағалап отырды. Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынға ТП-18 тобы, екінші орынға Э-9, үшінші орынға ЭС-9 тобы ие болды. Сайысқа белсенді қатысқан студенттер мен топтарға да алғыс хаттар табысталды.

Ақпаратты дайындаған:  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары  Бейсенова Х.Б, Бажирова Ш.Р.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries