«Біздің халқымыздың салт-дәстүрлері» кураторлық сағат-сабағы

Наурыз – бұл көктем мен табиғаттың жаңаруы. Наурыз – ең көптен күткен және қуанышты мереке. Бүгін бұл мереке көпұлтты Қазақстандағы барлық халықтарға бірдей қымбат. Наурыз мерекесі ежелгі дәстүрлердің сабақтастығын сақтап, заманауи өмірге үйлесімді түрде айналды.

2018 жылдың 14 наурызында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Біздің халқымыздың салт-дәстүрлері» тақырыбында кураторлық сағат-сабағы өтті,

Кураторлық сағаттың мақсаты студенттерді қазақ халқының дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, салт-жораларымен таныстыру және қазақ халқының мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеу болып табылады.

Кураторлық сағат бірнеше бөліктен тұрады: «Қара жорға» биі, бейнефильмдерді көру, заманауи салт-дәстүрлермен таныстыру. Кураторлық сағат өте қызықты өтті, әрі қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын және т.б. қарастырылды. Іс-шараның қонақтары қатысусыз қалмады, олар викториналық сұрақтарға белсенді жауап берді.

Студенттер мерекенің тарихымен танысып, көтеріңкі көңіл-күймен шықты.

Ақпаратты дайындаған шет тілдері оқытушысы Омарова А.С

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
140 queries