«Астана-менің мақтанышым» зияткерлік ойыны

5 наурыз күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өтуге арналған «Астана-менің мақтанышым» зияткерлік ойыны өтті.

Зияткерлік ойынға ХП-12,ХП-13,ЭБ-13 және ТП-18 тобының студенттері қатысты. Зияткерлік ойынның мақсаттары: білім алушыларды Отанымыздың мәдени-тарихи мұраға араластыру; Астана қаласының тарихымен және оның көрікті жерлерімен байланысты білімдерін тереңдету, ең білімпаз топты анықтау, эмоциялық көңіл күйді және оқуға деген оңды ынтасын қолдау.

Қатысушылар өз білімдеріне, қисынға сүйене отырып, жан-жақты сұрақтарға жауап беруге тиісті болды. Командалардың әрқайсысы жақсы нәтиже көрсете білді. Әділ қазылар алқасының күш-жігерлерінің арқасында орындай төмендегідей берілді:

1 орын -ЭБ-13 тобының командасы;

2 орын -ТП-18 тобының командасы;

3 орын – ХП-12 тобының командасы.

Ойын өте қарқынды өтті, қатысушылар сұрақтарға ерекше ынтамен жауап берді. Іс-шара соңында жеңімпаздарға грамоталар табысталды.

Ақпаратты дайындаған: тарих пәнінің оқытушысы Л.Ф.Кузнецова

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
140 queries