«Әскери-спорттық эстафета»

2018 жылдың 22 ақпанында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығаруына 29 жылдығына және ҚР ҚК құрылуына 26-жылдығына арналған 1 курс студенттері арасында әскери-спорттық эстафетасы өтті.

Аталған іс-шара мақсаты білім алушылардың Ауғанстандағы соғысына жауынгерлеріміз бен офицерлеріміздің қатысуы, олардың ерліктері жайлы білімдерін қалыптастыру, әскердегі қызметіне шақыру алдындағы жастарды даярлау, қозғалыс дағдыларын дамыту, ұлтжанлықы пен серіктестік сезімін тәрбиелеу.

Іс-шараға Қостанай қ. ҚІБ әскериден тыс даярлау бөлімшесінің бастығы кіші сержант Алмат Боранбаевич Бигайдаров, 6697 ә/б әскери қызметінің қауіпсіздігі мен аға қызмет офицері, капитан Мухит Бакитович Есенбаев, колледждің медициналық қызметкері Айгуль Рамазановна Мулдагалиева шақырылды.

Аталған іс-шараға ХП-13, УЭС-11, М-6, ХП-11, ТП-19, ТП-18, ТЗ-21, ЭС-9, ТП-17, Э-9, М-5, Э-8 топтарының студенттері қатысты.

Студенттер бірнеше кезеңнен тұратын эстафетада жарысты: кедергі алаптарын еңсеру, қаруды бөлшектеу және жинау, оқ тұратын орнын оқпен жарақтау, пневматикалық қарудан ату, алғашқы медициналық көмек көрсету.

Өткізілген әскери-спорттық эстафетасының қорытындылары бойынша бірінші орынды ТЗ-21,ЭС-9 тобының құрама командалары, екінші орынды – ХП-13, УЭС-11 тобының құрама командалары, үшінші орынды – М-5 тобының командасы алды.

Қалған командалар қатысқан үшін грамоталармен марапатталды.

Мақаланы АӘД оқытушылары дайындады: Фатхудинов Р.Р, Нурканов М.К

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
143 queries