Облыстық кәсіптік бағдар беру олимпиада

Колледждегі мамандықтар мен кәсіптер жайлы мектеп оқушыларына хабардар ету деңгейін арттыру, барлық ниет білдірген білім алушыларға жарыс түрінде белгілі салада өз білімдерін тексеруге мүмкіндік беру үшін «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК облыс мектептерінің 9  сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадаға облысымыздың 23 мектебінен 324 оқушы қатысты, соның ішінде 132 қатысушы мемлекеттік оқыту тілінде және 192 орыс тілінде оқыту формасы бойынша.

(Олимпиада колледжде пәндік олимпидасының мақсаттарын, мәртебесін және міндеттерін белгілейтін Ереже негізінде өткізілді. Олимпиада бағдарламасына сәйкес қатысушылар тіркеуден соң ұсынылған пәндер бойынша тапсырмаларды орындау үшін дәрісханаларға бөлінді. Математика пәні бойынша тапсырмаларды орындау алдында қатысушыларға арнайы пәндерінің оқытушылары мамандықтарға қатысты презентациялар өткізді.

Ерекше назарға Е.Тулегенов, В.Нужин, Р.Утемисова мен Р.Шингельбаеваның презентациялары түсті. Химия пәні бойынша тапсырмаларды орындаған қатысушылар «Наубайхана» оқу зертханасын тамашалай алды, онда оларға оқытушылар О.Брозе және И.Рядинская болашақ техник-технолог мамандығы жайлы хабар берді.

Астық саласымен байланысты кәсібі қызықтырған қатысушылар биология пәні бойынша тапсырмаларын таңдады. Тапсырмаларды орындаған соң олар 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жарма және құрама жем өндірісі» мамандығының 102 зертханасына танысу мақсатында экскурсия жасады. Мамандық бойынша презентациялары оқытушылар А.Мухаметкалиева және С.Изделюевамен ұсынылды.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына мамандықтар бойынша жарнама буклеттері таратылды. Мектеп оқушылары колледждің мұражайын да аралады, колледждің тарихымен мұражай жетекшісі Ю.Матвиенко таныстырды. Олимпиада аяқталған соң Л.Дюсекеева және Д.Бековтың жетекшілігімен тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімімен қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Олимпиада жеңімпаздары мадақтамалармен марапатталды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды. Сертификаттармен қатысушыны дайындаған мектеп оқушылары атап өтілді.

Ақпаратты А.Сегизбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries