«IT новатор – 2018» облыстық байқауы старт алды

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен ақпараттық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында 2018 жылдың 17 қаңтарынан бастап 15 ақпанына дейін Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында «IT новатор – 2018» байқауы болып өтті.

Байқауды өткізудің мақсаты кәсіптік қызметте заманауи it-технологияларын пайдаланатын педагогтар жұмысының инновациялық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.

Облыстық байқау 2 кезеңде өтті. Бірінші іріктеу сырттай кезеңіне облысымыздың 30 педагогы қатысты. Байқаудың іріктеу кезеңінде барынша көп балл жинаған 8 педагог екінші бетпе-бет кезеңіне қатысу мүмкіндігін алды.

2018 жылдың 15 ақпанында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында облыстық қорытынды кезеңі өтті, оның барысында Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім берудің үздік it-жаңашылдары өз жұмыс жүйесін көрсетіп, байқаудың тәжірибелік тапсырмаларын орындады.

Құттықтау сөзімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік бөлімінің басшысы Айгуль Сапаровна Нуркина сөз сөйледі. Байқауға қатысушыларды it-технологиялар саласында құзыретті әділқазылар алқасы бағалады, оның құрамына Қостанай автомобиль көлігі колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Инесса Михайловна Ротман, Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекшісі Аскар Дильдабекович Елекеев, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының техник-электронигі Аскар Казбекович Амирханов енді.  

Байқаудың қатысушылары білім беру қызметіндегі кәсібиліктің жоғарғы деңгейін, шығармашылық әлеуетін, АКТ технологияларын тиімді пайдалануын көрсетті.

Байқаудағы жүлделі орындар мынадай түрде бөлінді:

1 орын – Қостанай медициналық колледжінің оқытушысы Гулжан Рашидовна Халбаева;

2 орын –  Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Калиса Куандыковна Байтурсунова;

3 орын – Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжінің оқытушысы Екатерина Сергеевна Смолова

«Креативтік шешім» номинациясы Қостанай медициналық колледжінің оқытушысы Динара Габитовна Сейчанова;

«Әдістемелік құндылық» номинациясы – Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің оқытушысы Наталья Сергеевна Мазурова;

«Тәжірибелік мәні» номинациясы – Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжінің оқытушысы Гульнара Бибиталиевна Абдулина

«Шығармашылық амал-тәсілі» номинациясы – Қостанай кәсіптік-техникалық колледжінің оқытушысы Ольга Вячеславовна Куватова.

«Жетістікке ұмтылу» номинациясы – Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Екатерина Терентьевна Риженко.

Жеңімпаздарды байқаудағы жеңісімен құттықтай отырып, болашақта ғылыми және шығармашылық табыстар тілейміз!

Ақпараттық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Ирина Сергеевна Храмей

 
 
Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
123 queries