«Балалар-жұмыс-пайдалану» атты тақырыбындағы кураторлық сағат (адамдармен сауда жасау, балаларды пайдаланудың түрлі формалары)

Оқушылардағы саяси-құқықтық салада құзыреттілігін, әлеуметтік-белсенді азаматтық ұстанымын, түрлі жағдайларды сыни тұрғысынан бағалау іскерлігін қалыптастыру мақсатында колледжде «Балалар-жұмыс-пайдалану» атты тақырыбындағы кураторлық сағаты (адамдармен сауда жасау, балаларды пайдаланудың түрлі формалары) болып өтті.

Слайдтардың презентациялары арқылы бірінші курс студенттері үшін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жұмыс уақыты ұзақтылығының нормалары, еңбек мен демалыс тәртіптері, 18 жасқа толмаған жұмыскерлердің материалдық жауапкершілігі туралы айтылды. Заманаи қоғамдағы, соның ішінде Республикамыздың жастары мен әлемдік қауымдағындағы маңызды мәселелердің бірі балалар еңбегін пайдалану, адамдармен сауда жасау жайлы толық мазмұнды және жетімді формасында баяндалып берді. Түрлі себептермен адамдармен сауда жасау құрбаны болған адамдар жайлы әлеуметтік роликтер көрсетілді.

Кураторлық сағаттың соңында студенттерге адамдармен сауда жасау және еңбегін пайдалану құрбаны болмаудың жолдары жайлы ақпарат берілді, облысымыз бен республика аймағында әрекет ететін ыстық желісінің телефон нөмірлері берілді.

Сондай-ақ, студенттер колледжде «сенім жәшігі» бар екенін білді.

Ақпаратты физика пәнінің оқытушысы А.В. Молдахаликова дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
138 queries