«Үздік кондитер» байқауы

Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласынан… «Әр қазақстандыққа, сол арқылы тұтас ұлт. XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу қажет. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттар санатында.» Көп тілділікті, сондай-ақ Сантос Дюмон француз лицейімен серіктестікті қолдай отырып, Қостанай жоғары политехникалық колледжінде француз тілі оқытылады. Солай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сондай-ақ Француз мәдени орталығымен ынтымақтастық аясында 2018 жылдың 9 қаңтар күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде “Le meilleur patissier” атты іс-шарасы өтті. Іс-шараны француз тілінің оқытушысы Людмила Ивановна Уразова және Токжан Кенесбековна Жумагулова өткізді. Іс-шараның қонақтары ретінде, сондай-ақ әділқазылар алқасының құрамына Француз мәдени орталығының директоры Гульнар Кадыровна Жанбуршинова, Анна Викторовна – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты француз тілінің оқытушысы, Жанна Меркемельевна Муслимова – шет тілдерінің оқытушысы, филологиялық пәндерінің ЦӘК төрайымы шақырылды.

 Байқауға ХП-9 тобынан 5 команда қатысты: “Bon Bon”, “Caramel”, “Ratatouille”, “Brioche”, “la Douce Vie”. Іс-шара өте тартымды болып өтті, студенттер колледждің шағын наубайханасында пісірілген кондитерлік тоқаштарын ұсынды, бұл сондай-ақ, біздің болашақ нан пісірушілеріміз үшін жақсы тәжірибеге айналды. Іс-шара барысында ХП-9 тобының студенттері өз кәсіптік шеберлігін, сондай-ақ француз тілін білу деңгейін көрсете білді. Іс-шара 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер өз командасын таныстыру қажет болды. Екінші кезеңде студенттер өз дайындамаларын, кондитерлік өнімдерін көрсетті. Сондай-ақ француз тілінде дайындау жолдарын әңгімелеп берді. Үшінші кезеңде студенттер француз тілінде “Connaissez-vous les pates?” ойынын ойнай отырып, кәсіптік лексика бойынша өз білімдерін жақсы көрсете білді. Жанбуршинова Гульнар Кадыровна байқаудың қорытындыларын келтіре отырып, жеңімпаздар мен қатысушыларды сыйлықтармен марапаттады, келген мерекелермен барлығын құттықтады. Осындай байқауды өткізу колледжіміз үшін жыл сайынғы дәстүр екенін ата отырып, барлығына шығармашылық табыстар, болашақта игілікті серіктестік жасауды тіледі.

Мақаланы шет тілдерінің оқытушысы Т.К.Жумагулова дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
134 queries