«Заңмен өмір сүру, ар-намыспен жасау» атты тақырыбындағы құқықтық сағат

Студенттердің әлеуметтік-белсенділік азаматтық ұстанымын қалыптастыру, құқық және әдептілік заңдарына сүйене отырып, жағдайды сын тұрғысынан бағалау іскерлігіне дағдылану мақсатында колледжде «Заңмен өмір сүру, ар-намыспен жасау» атты тақырыбындағы құқықтық сағаты өтті. Дайындық барысында студенттер «Заңмен өмір сүру, ар-намыспен жасау қалай?» бейнесауалнамасын өткізді. Әр түрлі пікірлер айтылды, ол кейіннен аталған іс-шара барысында студенттерге көрсетілді. Құқықтық сағат өткізу кезінде әдептілік пен заң тұрғысынан түрлі жағдаяттар қаралды.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының оқытушысы Б.Б.Байгентов ҚР заңнама жүзінде барлық жағдаяттарға түсініктеме жасады.

Құқықтық сағатта әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік және жазалаулар мәселелеріне зор көңіл бөлінді. Құқықтық сағатты өткізу студенттерге құқықтық мәдениет, заңды әрекет мәселелерінде бейімделуге мүмкіндік береді.

Адам өз таңдауын әр кезде жасай алады.

Басқалардың игілігіне жұмсалған таңдау – осыны «моральді таңдау» деп айт.

Ақпаратты оқытушы А.В.Молдахаликова дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
141 queries