«Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық!»

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына  жиырма алты жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек.

Тәуелсіздік күніне орай 08.12.2017 жылы «Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық!» тақырыбында   1 курс студенттері арасында тарих пәнінің оқытушылары  Ахметжанова Д.К.,  Жолдыбек Г.Ж. интеллектуалдық сайыс  өткізді. Сайысқа  «Ұлы дала қырандары», «Тарих тарландары», «Тәуелсіздік таңының жұлдыздары», «Тәуелсіздік тірегі» деген аттармен төрт топ қатысты.

Интеллектуалдық сайыс жеті кезеңнен құралған:

  1. «Сәлем–сөздің анасы» топты таныстыру
  2. Тарихи көрініс
  3. «Сөз шебері»
  4. «Кім жылдам»
  5. «Ойлы болсаң – озып көр» – полиглот
  6. Тарихи суреттер сыр шертеді тереңінен»
  7. «Тәуелсіздік танымы»

 

Кезең  бойынша әр топ өз өнерлерін  ортаға салып, деңгей бойынша өз білімдерін көрсете білді. Нәтижесінде әділ-қазылар шешімімен «Тәуелсіздік тірегі» тобы  жоғары ұпаймен жеңіске жетті

Ақпаратты дайындаған: тарих пәнінің  оқытушылары Ахметжанова Д.К., Жолдыбек Г.Ж.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
146 queries