Әсем сөз бойды еркелетеді…

Жыл сайын колледжде мәнерлеп оқу байқауын өткізу дәстүрге айналды. Аталған іс-шара студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту, олардың өз бетімен жетілуге қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. 

Биыл мәнерлеп оқу байқауы «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған.

Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде берілді. Бір өлеңдерде Отанға деген мақтанышы болса, басқаларында туған тілге, салт-дәстүрлерге деген құрметі сезілді. Отбасы, ата-аналар, достар жайлы өлеңдері ерекше жылулықпен, жан толғандыратындай етіп оқылды.

Үздік мәнерлеп оқушылар ТП-18 тобының студенті Максим Галиганов, (1 орын), ТП-17 тобының студенті Рустам Газизов, (1 орын), ХП-13 тобының студенттері Валерия Рядинская, Анжелика Колозеркина, (2 орын), ТП-19 тобының студенті Олеся Волосюк, (3 место)               

Ақпаратты Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Сонарбаева Умтжан Ирдусовна дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
141 queries