«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жаңа жыл – әр үйде, әр отбасыда асыға күтетін ең сүйікті, мейірімді, ертегілік мереке. Жаңа жыл – таңғажайыптылық, сиқырлы айналымдар мен қызықты оқиғалар және өзгерістер күтетін мереке.

23 желтоқсан күні «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқу залында кәсіподақ мүшелер қызметкерлерінің балалары үшін жаңа жылдық ертеңгілік болды. Ертеңгілікке балалар сәнді, мереке қарсаңында өте көңілді болып келді. Ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкареваның жетекшілігімен «Мейірімді жүрек» еріктілердің бастамашылық тобы балалар үшін қызықты әзірлеме жасап, музыкалық безендіру мен концерттік нөмірлерін іріктеп алды. Олар түрлі ертегілік кейіпкерлерге Орман перісіне, қар ұшқынына, жалмауыз кемпірге, Ақшақар мен Аяз Атаға айналуға тура келді. Ертегіні бастамас бұрын мерекелік кейіпкерлер балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне тартты. Балалар мерекелік оқиғалар қалпына енумен қатар, қызықты конкурстарға да қатыса алды. Аяз Ата келген сәттен бастап өлеңдері мен билері бар нағыз мереке басталды. Ертегі аяқталғаннан кейін балалар Аяз Ата мен Ақшақарға жаттап келген тақпақтарын оқып берді, кейіпкерлермен суретке түсіп, осы сәтті есте сақтап қалды. Дәстүр бойынша мереке сыйлықтар табыстаумен аяқталды.

Ақпаратты Қостанай жоғары политехникалық колледжі кәсіподақ комитетінің төрайымы Л.Ф.Кузнецова дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
131 queries