«Н.Назарбаев – Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті»

«Қазақстан үшін Нұрсұлтан Назарбаев – тарихи бірегей

тұлға … ол тек Қазақстанның Тұңғыш Президенті ғана емес.

Ол қазақ, қазақстандық мемлекеттіліктің негізін салушы.

Осы мәнде оның бірегей тарихи рөлі бар» .

В.В.Путин – Ресей Федерациясының Президенті

 

28 қараша күні колледждің конференц залында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің күніне орай конференция болды. Конференция жұмысына директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Л.К.Дюсекеева, колледж әдіскері Л.И.Уразова, оқытушылар мен Э-9, ТП-18 топтарының студенттері, Жастар ісі жөніндегі комитетінің көшбасшылары қатысты.

Қоғамдық пәндерінің оқытушылары Ф.Б.Овчинникова, Л.Ф.Кузнецова, Б.Б.Байгентов зор құрметпен және ұлтжандылық сезімдерімен Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың рөлі жайында баяндап берді. Студенттер баяндамаларында Ұлт Көшбасшысының есімі «бірінші», «алғашқы» сөздерімен сәйкес келетінін атап өткен жөн. Бұл ешкімді таңқалдырмайды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары. Көбісі сол сәттерді жадында сақтап қалған: Кеңес Үкіметінің құлдырауы, экономикалық байланыстарының құлауы, дағдарыс, жұмыссыздық, шексіз коммуналдық мәселелер, болашақтың белгісіздігі, миллиондаған қарапайым халықтың есеңгіреу… Президентіміздің даналығы мен саяси еркісінің арқасында мемлекет дамуының дұрыс жолы таңдалды. Ең бастысы – президент Қазақстан халқының басын біріктірді. Назарбаев адамдардың азаматтылық сезімін сақтай алды. Әлемде танылған «қазақстандық жолдың» тікелей нәтижесі Қазақстанның халықаралық кеңістігінде жоғары абыройға ие болды. Жаһандық ядроға қарсы бастамалары, Азиядағы сенім шаралары мен өзара әрекет ету бойынша Кеңесін шақыруы, әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезін өткізуі, Қазақстанның 2010 жылы ОБСЕ және ОИК төрағалық етуі 2011 жылы әлемдік қауымдастықта кең қолдауын тапты. Еліміздің тағы бір жоғары абыройын растайтын себебі Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу болды. Бұның барлығы – жалпы ұлттық көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қалыптастырылған қазақстандық сыртқы саясатының нақты жетістіктері деп білеміз.

Кез келген мемлекеттің тарихы бірегей. Қазақстандық мемлекеттілігінің бірегейлігі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысты. Сондықтан Қазақстан халқы Президентіміз Назарбаевты Көшбасшы ретінде көреді.

Ақпаратты тарих пәнінің оқытушысы Ф.Б.Овчинникова дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
139 queries