Бостандық таңы

2017 жылдың 13 желтоқсан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Бостандық таңы» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге еліміздің тәуелсіздік алғалы 26 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; ә) Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отан үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім. Тәрбие сағаты аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдары жайлы бейнебаяндар көрсетіліп, желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көріністі тамашалады. Студенттер Қазақстан Республикасының жетістіктері жайлы өз ойларымен бөлісіп, Отанға деген махаббаттарын өлең арқылы жеткізді.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын! Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраған халқымыздың қаһарман ұлдары мен батыр қыздарымыздың есімдерін әрқашан мақтан етеміз.

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Каркинбаева Г.А.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries