1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні

2017 жылдың 29 қараша күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Тұңғыш Президенті күніне арналған «Президент: халық бақыты, Қазақстанның өркендеуі» атты тақырыбында ұлтжандылықтың кураторлық сағаты-сабағы өтті.

Іс-шара мақсаты қазақстандық көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың маңызды рөлі туралы білімін арттыру, еліміз үшін мақтаныш сезімін, ұлтжандылық пен азаматтылықты тәрбиелеу.

Кураторлық сағат барысында студенттерге болашақ президенттің балалық және жастық шағы, оның өмір жолының негізгі кезеңдері жайлы презентация ұсынылды. Жастардың ерекше назарына үлкен саясатқа деген өз жолы мен халқының, елінің жетістіктері жайлы мақтанышпен баяндап берген Нұрсұлтан Әбішұлы туралы «Елбасы» атты документалды фильмі ие болды.

Ақпаратты орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Умтжан Ирдусовна Сонарбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
141 queries