КӘСІП ТАҢДАУ ШЕШІМІ

Бүгінде мектеп түлектерімен мамандық таңдау мәселелері қалай шешіледі? Қоғамымызда кәсіптік бағдар беру жұмысына соншалықты маңызды мән беріле ме? Жастарға кәсіби жолын дұрыс таңдауда қалай көмек беруіміз керек? Бүгінде болашақ жолын іздеу мәселесі алдында тұрғандарға қалайша жеткілікті және дәл жеткізу қажет? Әрине, оны жас ерекшелігі мен рухы бойынша жақын адамдар жасай алады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Федоров ауданында 9-11 сынып оқушылары үшін өткізілген «Кәсіптер әлемі» 2 Форумы кәсіптік бағдар беру жұмысының маңызды мәні бар екенін дәлелдеп берді. Өз сөзінде аудан әкімі Тауба Каиржанович Исабаев форумның қатысушыларын назарын оқу орнын және болашақ мамандығын таңдауға берілген мүмкіндігіне аударды. Кәсіп таңдау – бұл өте салмақты және жауапты мәселе, оны ерте ме кеш пе кез келген жалпы білім беретін мектептің түлегіне шешуге тура келеді.

Федоров мәдениет сарайында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің көрме аймағы энергетика бойынша макеттерімен, колледж мамандықтары мен жетістіктерімен берілген бейне презентацияларымен, Ирина Рядинская және Ольга Брозе секілді шебер оқытушылардың жетекшілігімен «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығының студенттерімен дайындалған нан өнімдері және кондитерлік өнімдері ұсынылды. Сондай-ақ стендттерде және роллаптарда жарнама ақпараты  жарияланды. Ер балалар мен қыз балаларға астықты тазарту, жұмыс тетігі бойынша шағын стационарлық пневмотранспортерді 4 курс студенті Валерий Коцуренко көрсетіп берді. 2 курс студенттері Диана Мензарипова, Валерия Кириллова және Мадина Темирханова оқушыларды студенттерімізбен дайындаған кондитерлік өнімдермен дәм таттырды. Колледж оқытушысы Анара Мухаметкалиеваның жанында «Элеватор, ұн тартатын, жарма және құрама жем өндірісі» мамандығы жайлы ақпараты қызықтырған тыңдаушылар да жиналды.

Федоров ауданы мәдениет сарайының акт залында 19 аудан мектептерінің оқушылары жиналды, олардың алдында облысымыздың жоғары оқу орындары кәсіптік бағдар беру жобаларымен сөз сөйледі.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылар мен студенттер командасы мамандар даярлауды жүргізетін мамандықтарының тұсаукесерін өткізді. Форум қатысушыларының алдында колледждің үздік студенттері – олар WorldSkills Қазақстан 2017 чемпионатының алтын жүлдегері, WorldSkills 2017 халықаралық чемпионатының күміс жүлдегері және WorldSkills 2017 әлемдік чемпионатының қатысушысы Валерий Коцуренко өз мамандығы жайлы баяндап берді.

Сондай-ақ бағдарламашы студент Яков Петрушковтың да баяндамасы өте қызықты болды. Өз мамандықтары жайлы Анара Мухаметкалиева және Диана Мензарипова толық айтып берді. Оқу-тәрбие жұмысы жайлы, студенттердің жетістіктері жайлы ақпаратты Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Дастан Беков баяндап берді.

Студенттеріміз Али Иса, Валерия Кириллова және Мадина Темирханованың орындауындағы колледж гимні мен «Мы молодые» атты өлеңі көрермендердің көңілінен шықты.

Оқушылар мен мектеп мұғалімдері секілді форумның барлық қатысушыларына қосымша жарнама буклеттері мен жоғары колледждің мамандықтары жайлы кітапшасы берілді.

Соңында Федоров ауданы әкімдігінің әкім атынан Тауба Каиржанович Исабаевқа және Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы атынан Динара Абдыкаримовна Бектыбаеваға іс-шараны кәсіби тұрғыдан шебер ұйымдастырғаны және мектеп оқушыларымен кең көлемді кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізуге берілген мүмкіндігі үшін зор алғысымызды білдіреміз.

 

Ай-Гуль Сералиевна Сегизбаева, биол. ғыл. канд.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries