«Әдеп – әдемі өмір сүру өнері»

2017 жылдың 25 қазан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде бірінші курс студенттері үшін «Әдеп- әдемі өмір сүру өнері» атты тақырыбына кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – адамгершілік, этикалық мәдениетті дамыту, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу.

Кураторлық сағат барысында бірінші курстың оқытушы-кураторлары  Ж.М. Муслимова және А.К.Мұқат викторина, блиц-сұрау және көрнекті мысалдары арқылы білім алушылармен әдеп ережелерін, қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін, құрдастармен және үлкендермен өзін ұстай білу ережелерін еске түсірді. Назардан колледждегі тәртіп ережелері де тыс қалған жоқ, ішкі тәртіп ережелері негізінде студенттер КЖПК студентінің әдебін жасады. Бірінші курс студенттері өмірден алынған мысалдарында сыпайлылық және жақсы мінез кейпі ережелерінің қажеттілігін растады.

Нәтижесінде, студенттер зиялылық пен сыпайлылық тек білімде ғана емес, сонымен қатар бір-бірін түсіну қабілеттілігінде, әңгімелесу және дауласу іскерлігінде, өзін сыпайы ұстауда, көмек көрсете білуінде көрінетінін қорытындылады. 

Ақпаратты А.К.Мұқат, Ж.М.Муслимова дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
141 queries