«Өлкетану – кіші Отан кеңістігінде отансүйгіштіктің рухани негіздерін тәрбиелеу факторы» халықаралық форум туралы

12.10.2017 жылы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің балалар шығармашылығы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен  халықаралық форум өтті. 

Халықаралық форумда «Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген бағдарламаның түйінді бағыттарын іске асыру бойынша жұмысын жандандыру туралы тақырыптар қозғалды.

Халықаралық форумға өлкетанушылар, ғалымдар, мектеп мұражайларын басқарушылар, өлкетану жұмысын ұйымдастырушылар,  білім беру ұйымдарының педагогтері, білім бөлімдерінің  әдіскерлері, кітапханашылар, мұражай және мұрағат қызметкерлері қатысып баяндама жасады.

 «Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары халықаралық форумның пленарлық отырысына қатысып, ғалым, зерттеушілердің баяндамаларын тыңдады. Пленарлық отырыстан кейін «Мұрағаттардың, туған өлкенің  мәдени-тарихи мұрасын сақтаудағы рөлі» секциясына қатысып,  отырыс аясында «Ұлт-азаттық көтеріліс және Кейкі батыр тарих құжаттарында» тақырыбы мұрағат қызметкерлерімен бірге  қызу талқыланып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.  Дөңгелек үстел фасилитациялық сессия түрінде өтті. Форум соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

Ақпаратты дайындаған: Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
135 queries