«Бізден басқа ешкім»

2017 жылдың 18 қазан күні Қостанай политехникалық колледжінде «Бізден басқа ешкім» атты тақырыбымен әскери-спорттық ойыны өтті. Тартымды жарыстар 1 курс студенттерінің ТЗ-21 тобы үшін өткізілді. 

Топ бірнеше командаға бөлініп, әр қоманда өз білімдері мен іскерліктерін бес түрлі ойын кезеңдерінде көрсету керек болды: автоматты бөлшектеу және жинау, көпшілікті талқандату қаруынан қорғау, пневматикалық винтовкадан ату, оқ қорабын оқпен жасақтау, медициналық дайындық. Әр кезенде командалар балл алды.

Ойын татулық пен ұйымдастырушылықта өтті. Қатысушылардың әрқайсысы бүгін шынында «Бір барлығымыз, барлығымыз бір үшін» екенін түсінді. Командалар кезеңдерден жақсы өтті. Бірі бірінде үздік атанса, ал бірі басқасында атанды. Қатысушылар ең жауапты сәт – жарыс қорытындыларын шығаруды асыға күтті. Жарыстардың қорытындылары бойынша командалар бірдей балл алды.

Осындай ойындар барысында білім алушылар алғашқы әскери дайындығы бойынша тәжірибелік дағдыларына, спорттық іскерлігі мен дағдыларына ие болатыны күмәнсіз. Әрине, ойын сәттері қызығушылық туғызады, аталған іс-шараларды өткізуге ұмтылысты туғызады және теориялық материалды тәжірибеде жақсы меңгеруге және бекітуге мүмкіндік береді. Осындай жарыстар білім алушылардың моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастырады және дамытады.

Ақпаратты Р.Р. Фатхудинов дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
122 queries